"Қазақстан Республикасы Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикада валюталық нарықты қалыптастыру жөнiндегi қосымша шараларды жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
Внимание! Документ утратил силу с 18.07.1995
Валюта операцияларынан алынатын жергiлiктi алымдардың күшiн жою туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 27 қаңтар N 1527.
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентiнiң 18.07.1995 жылғы № 2367 Жарлығына сәйкес
1. Шетел валюталарын сатып алу-сату кезiндегi мәмiлелерден алынатын жергiлiктi алымдардың күшi жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Заң жобасын жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзетiн болсын.
3. Бұл Жарлықтың Заңмен бiрдей күшi бар және ол "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 24 желтоқсандағы Заңына тиiстi өзгертулер енгiзiлгенге дейiн қолданылады.
4. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1994 жылғы 27 қаңтар N 1527
Полная версия