Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.06.1999
Бұрын берiлген несиелер бойынша борышкер кәсiпорындарға борышты өтеу жөнiндегi iс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 16 мамырдағы N 144.
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1997 жылдың 25 мамырына дейiн республикаiшiлiк өзара борыштары (бұдан былай - несиелер) есептеу нәтижесi бойынша борышкер кәсiпорындардың берiлген директивтiк несиелер мен несиелер бойынша бұрын берiлген негiзгi борышты өтеу шартымен есептелген проценттердi (кәсiпорынның қаржы-экономикалық жағдайына байланысты) бөлiп-бөлiп өтеуi туралы мәселе қарау үшiн комиссия құрсын; 
борышкер кәсiпорындарға борышкер кәсiпорындардың бұрын алған 
несиелерiн өтеу туралы комиссия шешiм шығарған сәттен бастап 10
банктiк күн iшiнде негiзгi борыш сомасын және ол бойынша ерiктi
тәртiппен есептелген проценттердi бөлiп-бөлiп өтеуiн тапсырсын;
     борышкер кәсiпорындар жоғарыда аталған мерзiмде берешегiн
өтемеген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдарына сәйкес борыштарын өндiрiп алу жөнiнде шаралар қабылдасын.
     
2. Ведомствоаралық несие комиссиясы мына құрамда бекiтiлсiн:
     А.М.Шоқпытов              - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                 министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
                                 жекешелендіру департаменті директорының 
                                 бірінші орынбасары, төраға 

                      Комиссиясының мүшелерi:
     Асылбеков Азамат          - Қазақстан Республикасының Әдiлет
     Ермекұлы                    министрлiгi Заңдар және
                                 халықаралық құқық департаментiнің
                                 жетекші маманы 

     Тұрысжанов Дархан         - Қазақстан Республикасы Энергетика,
     Бекболатұлы                 индустрия және сауда министрлiгiнің 
                                 Экономикалық талдау және инвестициялық
                                 саясат басқармасының бастығы 

      
     Д.Н.Айтжанов              - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                 министрлiгiнiң Бюджет департаментi
                                 несиелеу басқармасының бастығы

     
      2-тармақпен толықтырылды, 2-тармақ 3-тармақ болып
              саналды - ҚРҮ-нiң 1998.04.09. N 64 өкiмiмен.  

 
 
      2-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.01. 
              N 234 өкiмiмен.  

 
 
     3. Осы өкiм бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Полная версия
ИС BestProfi