«Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 25.05.2018
Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 381 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 қаңтарда № 8305 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 25 мамырдан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 жылғы № 62 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр Б.Б. Жәмішев
2013 жылғы 18 қаңтар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 381 қаулысымен бекітілген
Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары
Осы Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібі мен талаптарын белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) активті және шартты міндеттемені қарсы жіктеу – оған қарсы провизияларды (резервтерді) тиісті қосымша қалыптастыруымен және (немесе) таратуымен, бұрын жіктелген активті және шартты міндеттемені жіктеу;
2) қамтамасыз ету құны – ағымдағы сәтке нарықтық (әділ) құнынан, яғни оны өткізу (сату) мүмкіндігін ескергендегі нарықтық (әділ) құнынан анықталатын кепілді қамтамасыз ету құны;
3) қарыз алушы – микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
4) микрокредит – микроқаржы ұйымы қарыз алушыға Заңда айқындалған мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;
Полная версия