"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1144 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 30.03.2015 жылғы № 232 Бұйрығын қараңыз
Редакция 19.03.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1144 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі
Осы Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін анықтайды.
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
білім беру ұйымдары - қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
тапсырыс беруші - ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олар аффилиирлеген заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олар аффилиирлеген заңды тұлғалар.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 342 Қаулысымен (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды (бұдан әрі - мамандар) қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды білім беру ұйымдары жүргізеді.
3. Білім беру ұйымдары мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламаларын (бұдан әрі - оқу бағдарламалары) әзірлейді, олар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
4. Мамандарды оқыту бекітілген оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі.
Қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен мамандарға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес құжат беріледі.
5. Оқу бағдарламасының жалпы сағаты санының кемінде 20 %-ын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерінің орындалуына жауапты тапсырыс берушілердің, қызметкерлері қатарынан іс жүзіндегі қызметкерлерді, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген рәсімдерді бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу практикасын зерделеуді құрауы тиіс.
6. Білім беру ұйымдары:
оқытушылық қызметке мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органмен кандидатураларын келіскеннен кейін іс жүзіндегі қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартады;
жыл сайын мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжатты алған адамдардың тізімін береді.
Полная версия