"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Май өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1043 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Май өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1043 қаулысымен бекітілген
"Май өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы
1. Осы "Май өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы (бұдан әрі - Заң) және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және май өнімдерінің қауіпсіздігіне және оның тіршілік циклі процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (09.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ ТН) 0209 00, 1501 00, 1502 00, 1503 00, 1504, 1506 00 000 0, 1804 00 000 0 тауарлық позициясына, 1507 10, 1508 10, 1510 00 100 0, 1511 10, 1512 11, 1512 21, 1513 11, 1513 21, 1514 11, 1514 91, 1515 11 000 0, 1515 21, 1515 50 110 0, 1515 50 190 0, 1515 90 210 0, 1515 90 290 0, 1515 90 400 0, 1515 90 590 0, 1518 00 310 0 қосалқы позициялары мен ішкі қосалқы позицияларына енетін май өнімдеріне қолданылады:
өсімдік майлары;
маргариндер;
өсімдіктен алынған сары май және өсімдіктен алынған май спредтері;
өсімдіктен алынған сары майдың және өсімдіктен алынған майдың ерітілген қоспалары;
арнайы мақсаттағы майлар (нан пісіру, аспаздық, кондитерлік майлар, сүт майының алмастырғыштары);
какао майының баламалары;
SOS-үлгісіндегі какао майын жақсартқыштар;
РОР-үлгісіндегі какао майын алмастырғыштар;
Полная версия