1. Қоса беріліп отырған Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 Қаулысы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 28) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысымен бекітілген
Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы » 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы » 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданды және шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Қағидада мынадай негізгі терминдер қолданылады:
кеме билеті – шағын көлемді кемеге меншік құқығын және осы кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын растайтын құжат;
судағы жүрдек аттракцион – шағын көлемді кеменің көңіл көтеретін жүзу құралдарын сүйреу арқылы ойын-сауық түрі («банандар», «шайбалар», «су шаналары» және басқалар);
шағын көлемді кемені басқару куәлігі – шағын көлемді кемені басқару құқығына біліктіліктің болуын растайтын құжат;
шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісі – шағын көлемді кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге заңды негізге басқаруына қарамастан және тиісті куәлігі бар шағын көлемді кемені басқаратын адам. Кеме жүргізушіге кеме жүргізуге оқытатын адам теңестіріледі.
3. Шағын көлемді кемелері бар заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер осы кемелерді пайдалану және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалануға жауапты адамдарды бөледі.
4. Қағиданың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) жүзеге асырады.
5. Шағын көлемді кемелермен саяхатқа, ұжыммен демалуға шыққанда және бұқаралық іс-шаралар кезінде иелері судағы қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп және қоршаған ортаны қорғауға жауапты адамдарды тағайындайды.
6. Су объектілерінде судағы жүрдек аттракциондарды жүргізу кезінде аттракцион иесі сүйрейтін шағын көлемді кемеге тіркеп сүйрелетін ойын-сауық жүзу құралына қызмет көрсету және байқау жөнінде жауапты адамды тағайындайды.
Полная версия