"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292 Қаулысы
Атауына өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1320, 28.05.2009. № 786 Қаулыларымен. (26.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1320 Қаулысымен. (26.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар