Осы Заң Қазақстан Республикасында қан мен оның компоненттерінің донорлығы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және қан мен оның компоненттері донорлығының құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2009
Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 64 Заңы
Осы Заң күшін жойды 29.09.2009 жылдан бастап ҚР 18.09.2009 жылғы № 193-IV Кодексіне сәйкес
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) донорлық функция - медициналық тексеруді және қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар үшін тапсыру рәсімін орындауды қамтитын донордың ерікті актісі;
2) екі мәрте плазмаферез - бірізді екі сатылы плазмаферез арқылы донор қанының плазмасын алу әдісі;
3) изоиммундық плазма тапсыру - бойында белгілі бір концентрациядағы табиғи өзіндік ерекшелікті қорғаныш элементтері анықталған және (немесе) қан жасушаларының әсері болған донорлардың плазма тапсыруы;
4) иммундық плазма тапсыру - жекелеген ауруларды емдеу немесе қан препараттарын алу үшін нысаналы түрде қолданылатын плазма алу мақсатында алдын ала өзіндік ерекшелікті заттардың әсері қолданылған донорлардың плазма тапсыруы;
5) консервациялау құралдары - қан жасушаларын сақтауға және олардың организмнен тыс тіршілігін қолдауға арналған құралдар;
6) қан компоненттері - қанның плазма және нысанды элементтер түрінде бөлініп алынатын құрамдас бөліктері;
7) қан мен оның компоненттерін дайындау - донордан қан алуды, оны консервациялауды, компоненттерге бөлуді қамтитын іс-шаралар кешені;
8) қан мен оның компоненттерін құю - қан мен оның компоненттерін реципиенттің организміне енгізу;
9) қан мен оның компоненттерінің донорлығы (бұдан әрі - донорлық) - донорлардың қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар үшін тапсыру арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға ерікті түрде қатысуы;
10) қан мен оның компоненттерінің доноры (бұдан әрі - донор) - қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар үшін ерікті түрде тапсырған жеке тұлға;
11) қанды консервациялау - қанның құрамы мен қасиеттерінің ұзақ мерзiм бойы сақталуына жағдай жасау мақсатында донорлық қанды консервациялау құралында дайындау;
12) қан тапсыру - донор тапсыратын қанның бiржолғы көлемi;
13) қан тапсыру пунктi - стационарлық және көшпелi жағдайларда қан мен оның компоненттерi алынатын орын;
14) қан препараттары - қан компоненттерiн өңдеу кезiнде алынатын емдiк заттар;
15) плазма - қанның жекелеген элементтерiнен босатылған құрамдас бөлiгi;
16) плазма тапсыру - донор қанының плазмасын плазмаферез әдiсiмен бiржолғы бөлiп алу;
Полная версия