Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2016
Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру Нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6142 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Әділет министрінің 24.02.2016 жылғы № 94 Бұйрығына сәйкес
Редакция 31.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.С.Нұргазиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. «Тұлғаны алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауырады деп тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 5952 тіркелген) мына өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұлғаны алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауырады деп тану ережесінде:
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот-наркологиялық сарапшылары сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде наркологиялық диагнозды белгілейді және тұлғаны алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауырады деп таниды.».
5. «Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 16 тамыздағы № 618 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 3044 тіркелген, 2005 жылғы 24 тамыздағы № 155 «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А.Біртановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 165 бұйрығымен бекітілді
Сот-наркологиялық сараптамалар өндіру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы нұсқаулық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуальдық, Азаматтық процессуалды кодексіне,   «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне,  «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру негіздерін, өндіріс тәртібін анықтайды.
2. Осы нұсқаулықты мына ұғымдар пайдаланылады:
1) сот-наркологиялық сараптама органдары - денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасының жергілікті органдарының мамандандырылған наркологиялық медициналық ұйымдары, олардың міндетіне Заңнамамен белгілеген тәртіптен сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жатқызылады;
Полная версия
ИС BestProfi