«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.02.2014
"Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 327 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 қазанда № 8035 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 24.05.2014 жылдан бастап ҚР Әділет министрінің 27.02.2014 жылғы № 85 Бұйрығына сәйкес
1. «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 тамызда № 7133 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 мамырдағы № 66 (2074), 2012 жылғы 11 мамырдағы № 67 (2075), 2012 жылғы 15 мамырдағы № 68 (2076) «Заң газеті», 2012 жылғы 15 мамырдағы № 236-241 (27315) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы А.К. Естаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық aлғаш pecми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Полная версия