Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 26.06.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысы
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2005. № 170 қаулысымен. (04.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру әрі нашақорлықтың алдын алу және есiрткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2005. № 170 қаулысымен. (04.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекетті ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 362-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 496  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 220-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 25 желтоқсандағы
 N 1316 қаулысымен
 бекітілген
Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөніндегi комиссияның құрамы
Құрам жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.06.2006. № 426 қаулыcымен. (19.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Мұхамеджанов               - Қазақстан Республикасының Iшкi 
Бауыржан Әлiмұлы             iстер министрi, төраға
Анатолий Николаевич          iстер министрлiгi Есiрткi                                      бизнесiне қарсы күрес және                                      есiрткi айналымын бақылау                                      комитетiнiң төрағасы, төрағаның                                      орынбасары
Әбдiрайымов                - Қазақстан Республикасы Бас 
Асылбек Түрiкбайұлы          прокуратурасы әлеуметтiк саладағы                                      заңдылықты қадағалау бөлiмiнiң                                      бастығы
Полная версия
ИС BestProfi