1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына (2012 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 01.09.2019
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 6 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 7 наурызда № 8357 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.08.2019 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген акциялардан басқа банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары:
депозитарлық қызметті немесе бағалы қағаздар нарығында сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың акцияларын;
№ 77 қаулыда көзделген қор биржасының ресми тізімі «акциялар» секторының үшінші (ең жоғарғыдан кейінгі) санатына кіргізілген, еншілес ұйымы маркет-мейкер функциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғалардың акцияларын сатып алады.»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 5 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 6 қаулысына қосымша
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына қосымша
Халықаралық қор биржаларының тізімі
1. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)
2. Америка қор биржасы (American Stock Exchange)
3. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, BSE)
4. Бразилия қор биржасы (Bovespa)
5. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)
6. Амстердамдағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)
7. Брюссельдегі «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)
8. Лиссабондағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon)
9. Париждегі «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)
10. Индия қор биржасы (Delhi Stock Exchange)
11. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)
12. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)
13. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia)
14. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)
15. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
16. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)
17. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)
18. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)
19. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange)
20. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange)
21. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)
22. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange)
23. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal)
24. Ресей Федерациясының қор биржасы (ММВБ-РТС ААҚ)
25. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange)
26. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange)
27. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)
28. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)
29. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)
30. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ)».
Полная версия