Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 Қаулысы
Осы редакция 08.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 40) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 8 қарашадағы
 № 1174 қаулысымен
 бекітілген
Ілеспе және (немесе)табиғи газды алау етіп
 жағуға рұқсат беру қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң), «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасының Экологиялық  кодексіне
Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
3) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган - мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару үдерісін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) ілеспе және табиғи газды кәдеге жарату - газды алау етіп жағуды болдырмауға бағытталған барлық өндірістік іс-шаралар, атап айтқанда: газды өзінің техникалық және технологиялық мұқтаждығына пайдалану, электр энергиясын өндіру және сату, газ өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және сату, газды немесе оны өңдеу өнімдерін сақтау үшін қабатқа айдау, сондай-ақ қабат қысымын ұстап тұру.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында айқындалған.
2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды
 алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібі
2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға (бұдан әрі - газды жағу) рұқсатты жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган береді.
Полная версия
ИС BestProfi