Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
"Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1275 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 584-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.»;
екінші бөліктің 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға (бұдан әрі – газды жағу) рұқсатты жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган береді.»;
«4. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган газды жағуға рұқсат жобасын қажетті құжаттармен бірге жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдарға келісу үшін жібереді.
5. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардағы келісу мерзімі құжаттар түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардан келісім алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға газды жағуға рұқсат береді.»;
«2) жер қойнауын пайдаланушы жасаған және жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органдарымен келісілген ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспарлары.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi