"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 09.02.2021
Бірыңғай дистрибьютор туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы N 1781 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.07.2015 жылғы № 515 Қаулысына сәйкес (07.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2015 жылы № 134 (28612) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 908 Қаулысына сәйкес (08.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 10.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.07.2020 жылғы № 439 Қаулысына сәйкес (06.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.07.2015 жылғы № 515 Қаулысына сәйкес (07.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2015 жылы № 134 (28612) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 908 Қаулысына сәйкес (08.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 10.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.07.2020 жылғы № 439 Қаулысына сәйкес (06.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу;
2) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
3) шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасу;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін ақшалай қаражат түрінде бағытталған гуманитарлық көмекті қабылдау бойынша бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия