Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 197 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес 
«Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 24.02.2015 жылғы № 119 Бұйрығын қараңыз
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандары;
2) Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 3 ақпандағы
 № 197 қаулысымен
 бекітілген
Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары
1. Осы Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары (бұдан әрі - Декларация) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың (бұдан әрі - мұнай өнімдері) айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау тәртібін айқындайды.
2. Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну
2. Мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына осы қаулымен бекітілген «Мұнай өндірушілердің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
Сатып алған мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыратын өндірушілер осы қаулымен бекітілген «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
Тек авиациялық отынды және (немесе) мазутты өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
3. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктер) қоспағанда, мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына осы қаулымен бекітілген «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектілері бар мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар барлық объектілері үшін бір декларация табыс етеді.
Мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін көтерме сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалдары мен бөлімшелері осы қаулымен бекітілген «Мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
Тек авиациялық отынды және (немесе) мазутты көтерме сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелу орны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
4. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектілердің орналасқан орны бойынша салық органына осы қаулымен бекітілген «Мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушылардың мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бойынша мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларация табыс етеді.
Полная версия
ИС BestProfi