1. Қоса беріліп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 Қаулысы
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы;
2) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі;
3) техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысымен бекітілген
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) көліктік бақылау органы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық көліктік бақылау органдары;
2) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі – механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе шұғыл басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңды негізде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
3) міндетті техникалық байқау жүргізу – міндетті техникалық байқауға қатысушы ретінде өз құқықтарына және міндеттеріне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық байқау орталығы жүзеге асыратын іс-қимылдар;
4) міндетті техникалық байқаудан өту – міндетті техникалық байқауға қатысушы ретінде өз құқықтарына және міндеттеріне сәйкес осы Қағидада көзделген механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иесі жүзеге асыратын іс-қимылдар;
Полная версия