Близость слов: Окончание:





Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1164 Қаулысына сәйкес (29.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Редакция 06.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1164 Қаулысына сәйкес (29.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2023 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2023 жылдан бастап)
1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1164 Қаулысына сәйкес (29.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 12 сәуірдегі
 № 296 қаулысымен
 бекітілген
Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.07.2010 жылғы № 765 Қаулысымен (12.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1164 Қаулысына сәйкес (29.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2023 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2023 жылдан бастап)
1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроонеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг Заңның 19-2-бабына сәйкес мыналарға:
1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жүргізіледі.
3. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі көрсеткіштерінің тізбесі (бұдан әрі – көрсеткіштер тізбесі) бойынша жүргізіледі.
Көрсеткіштер тізбесі осы Қағидалардың 2-тармағында мыналарға:
1) 1 – көрсеткіш бойынша – азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне;
2) 2-ден 18 – ге дейін – азық-түлік тауарларының тауар қозғалысына;
3) 19-дан 23 – ке дейін – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына;
4) 24-көрсеткіш – азық-түлік тауарлары қорларының болуына қатысты көзделген азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторингтің бағыттарын қамтиды.
4. 1-ден 16, 18, 19, 21-ге дейінгі көрсеткіштерді есептеу Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ ФАО) әдіснамасы бойынша, 17 – көрсеткіш бойынша – сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тауар теңгерімін қалыптастыру нәтижесінде, 20, 22, 23-көрсеткіштер бойынша – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының әдіснамалары бойынша, 24-көрсеткіш бойынша – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа немесе фермер қожалықтарында, астық қабылдау пункттері мен элеваторларда, сауда орындарында, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларында азық-түлік тауарларының қалдықтарын жинақтау жолымен жүзеге асырылады.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес:
1) 1-көрсеткішті есептеуді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізеді;
2) 2, 3-көрсеткіштерді есептеуді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті органның деректері негізінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүргізеді;
3) 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 18, 19, 20, 21, 22, 23-көрсеткіштерді есептеуді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүргізеді;
4) 11-ден 15-ке дейінгі көрсеткіштерді есептеуді уәкілетті орган азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде жүргізеді;
5) 16-көрсеткішті есептеуді уәкілетті орган коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде жүргізеді;
6) 17-көрсеткішті есептеуді сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жүргізеді;
7) 24-көрсеткішті есептеуді жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
6. Уәкілетті орган жыл сайын жылдың қорытындысы бойынша бірінші тоқсанның соңына дейін өз интернет-ресурсында 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 18, 19, 20, 21, 22, 23-көрсеткіштер бойынша деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының қолда бар ресми статистикалық ақпараты, 11, 12, 13, 14, 15-көрсеткіштер бойынша – азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті органның деректері, 16-көрсеткіш –
бойынша коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның деректері, 17-көрсеткіш бойынша – сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның деректері, сондай-ақ әкімшілік деректер мен халықаралық ұйымдардың деректері негізінде орналастырылады.
Аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан, шаруа немесе фермер қожалықтарынан, астық қабылдау пункттері мен элеваторлардан, сауда орындарынан 24-көрсеткіш бойынша деректер жинауды жүзеге асырады және жыл сайын, жылдың қорытындысы бойынша бірінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 15 күн бұрын оларды облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.
Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар облыстағы (астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы) азық-түлік тауарлары қалдығының көлемі туралы ақпаратты бірінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 10 күн бұрын уәкілетті органға ұсынады.
7. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторингті уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының деректері негізінде, оның ішінде нақты уақыт режимінде жүргізеді.
8. Уәкілетті орган жыл сайын, БҰҰ ФАО және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы көрсеткіштер тізбесі бойынша деректерді өздерінің интернет-ресурстарында жариялағаннан кейін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар азық-түлік тауарлары қорларының бар-жоғы туралы ақпаратты ұсынғаннан кейін бір ай ішінде азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізеді.
9. Талдау Қазақстан Республикасын азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін мониторингтеу көрсеткіштерін басқа елдердің БҰҰ ФАО есептейтін ұқсас көрсеткіштерімен салыстырып тексеру жолымен жүргізіледі.
10. Талдау нәтижесі Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингісіндегі дамыған 30 елден артта қалуын анықтау болып табылады.
11. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін талдау нәтижелерінің негізінде уәкілетті орган өзінің электрондық интернет-ресурсында оларды орналастыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастырады.
12. Уәкілетті орган талдаудың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы ДЭФ ЖБИ рейтингісіндегі дамыған 30 елден артта қалып отырған көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды жібереді.
Азық-түлік қауіпсіздігінің
жай-күйіне мониторинг
жүргізу қағидаларына
қосымша
Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін мониторингтеу көрсеткіштерінің тізбесі

Р/с

Көрсеткіш

1

2

1.

Жалпы егістік алқаптарынан суару үшін жарамды егістік жерлердің үлесі, %

2.

Жолдардың жалпы ұзындығынан қатты жабынды жолдардың үлесі, барлық жолдардан %

3.

100 шаршы километр алаңға шаққанда автожолдардың тығыздығы

4.

100 шаршы километр алаңға шаққанда теміржолдардың тығыздығы

5.

Жалпы халық саны бойынша қалыпқа келтірілген азық-түлікті тұтынудың қалыпты деңгейі жоқ халықтың белгілі бір бөлігінің жеткілікті тамақтанбауы, күніне бір адамға ккал

6.

Нарықтағы қолжетімді жалпы дәнді дақылдар көлеміндегі дәнді дақылдар импортының үлесі %

7.

Жалпы халық санынан тойып тамақтанбау (аштық) қаупі бар аймақтағы халықтың үлесі, %

8.

5 жасқа дейінгі жүдеу балалардың пайызы, %

9.

Өсуі жағынан артта қалған 5 жасқа дейінгі балалардың пайызы, %

10.

Салмағы жеткіліксіз 5 жасқа дейінгі балалардың пайызы, %

11.

Салмағы жеткіліксіз ересектердің пайызы, %

12.

Жүкті әйелдер арасында қаназдықтың таралуы, %

13.

5 жасқа дейінгі балаларда қаназдықтың таралуы, %

14.

Халық арасында А дәрумені тапшылығының таралуы, %

15.

Халық арасында йод тапшылығының таралуы, %

16.

Қалалар мен ауылдық елді мекендердегі халықтың сумен жабдықталу қызметтеріне қолжетімділігі, халық санының %-ынан

17.

Қалыптасқан тауар теңгерімінің қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлігінде ішкі өндіріспен қамтамасыз етілу, %

18.

Азық-түлік импорты құнының барлық тауарлар экспорты құнының жалпы көлеміне арақатынасы, %

19.

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (сатып алу қабілетіне баламада), бір адамға АҚШ долларымен

20.

Өндіруші кәсіпорындардың тамақ өнімдеріне қойған баға индексі, %

1

2

21.

Халықтың ең кедей бөлігінің азық-түлікке арналған шығыстарының үлесі, %

22.

Өндірушілердің ауыл шаруашылығы өніміне қойған баға индексі, %

23.

Азық-түлік тауарларына баға индексі, %

24.

Азық-түлік тауарлары қалдығының көлемі, тонна

Полная версия
ИС BestProfi