Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 140-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 485-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8237 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
«Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1.  «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 140-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7025 тіркелді, «Заң газетінің» 2011 жылғы 19 шілдедегі № 101 санында жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін: 
1-тармақ мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік жеке код беру (телнұсқа беру)»;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру»;»;
Осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес 9, 10 қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты әлеуметтік
 қорғау министрінің
 2012 жылғы 20 желтоқсандағы
 № 485-ө-м бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты әлеуметтік
 қорғау министрінің
 2011 жылғы 28 сәуірдегі
 № 140-ө бұйрығына 9-қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік жеке код беру (телнұсқа беру) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Полная версия
ИС BestProfi