"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3 тармағының 3 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 08.12.2020
"Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 10 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 ақпанда № 6775 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 желтоқаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-205/2020 Бұйрығына сәйкес
1. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2010 ж. № 6, 376-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінде:
"§ 1. Клиникалық бөлімшелер
1. Стационар бөлімшелерінің (палаталарының) қызметкерлер құрамының лауазымдары бейіндік төсектердің айналымына сәйкес жұмыстың көлеміне байланысты және мамандардың жүктеме нормативін анықтау әдестемесі негізгі бейін мамандығы дәрігерінің бір лауазымы үшін, палаталық мейірбикелердің бір постысы үшін және палаталық санитарлардың бір постысы үшін осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
2. Негізгі бейін мамандығы дәрігерінің, палаталық мейірбикелер постысының және палаталық санитарлар постысының лауазымдары емделген науқастардың санына байланысты осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
3. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 2-тармағында көзделген лауазымдарды қоспағанда, жекелеген мамандықтар дәрігерлерінің лауазымдары:
1) нейрохирургия және нейротравмотология бөлімшелері бойынша бөлімшеге 1 лауазым есебінен: офтальмолог-дәрігер, отоларинголог-дәрігер және психиатр-дәрігер (жиынтықта) және бөлімшеге 1 лауазым есебінен невропатолог-дәрігер;
2) торакалды-хирургия, кардиохирургия және туберкулез өкпе-хирургия бөлімшелері бойынша - бөлімшеге 1 терапевт дәрігер лауазымы;
3) тамыр хирургиясы бөлімшесі бойынша (шығу кезінде шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін) – 2 жүрек-қан тамыр хирургі дәрігері лауазымы;
4) проктология бөлімшелері бойынша бөлімшеге 0,5 онколог-дәрігер лауазымы;
5) урология бөлімшелері бойынша – манипуляциялар мен эндоурологиялық зерттеулер нормативі есебінен және жұмыс көлемінің болуына қарай эндоскопист-дәрігер лауазымы;
6) токсикология бөлімшелері бойынша – бөлімшеге 0,5 лауазым есебінен психиатр дәрігер лауазымы;
7) травматология бөлімшелері бойынша нейрохирургия бөлімшесі болмаған жағдайда 0,5 нейрохирург дәрігері лауазымы белгіленеді, емделген науқастар саны нормативтен екі есе асқан жағдайда 1 нейрохирург дәрігер лауазымы белгіленеді.
4. Бейіндік бөлімшелер осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 3-қосымшаға сәйкес төсек саны аз болған кезде және параклиникалық бөлімшелерінің мамандарының жүктеме нормативін анықтау әдістемесіне қарай ұйымдастырылады.
5. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы әр бөлімшеде кемінде 0,5 ставкадан белгіленеді. Егер емделген науқастардың нақты саны емделген науқастардың нормативінен екі есе асса, онда бөлімше меңгерушісінің тұтас лауазымы белгіленеді.
6. Бөлімшелердің аға мейірбикелерінің лауазымдары бөлімшелер меңгерушілерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді, ал диспансерлік бөлімшелер бойынша – осы бөлімшелердің тәртібімен және штат нормативтері бойынша белгіленеді.
Полная версия