Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 25 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6164 болып енгізілді
Осы редакция 03.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қоса беріліп отырған сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 3-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2010 жылғы 1 наурыздағы
 № 25 қаулысымен бекітілді
Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері
1. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын осы талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1 және 18-баптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу және орындау барысында, оның ішінде сақтандыру агентінің сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыруы кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сақтандыру оқиғасы – нәтижесінде сақтандыру объектісіне немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген және кейіннен сақтандыру жағдайы болып танылуы мүмкін оқиға;
2) шарт – тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт (агенттік келісім), оған сәйкес бір тарап (сақтандыру агенті) осы Талаптарда көзделген өкілеттіктері шегінде сыйақы үшін басқа тараптың (сақтандыру ұйымының) атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жасауға міндеттенеді.
3. Сақтандыру ұйымының сақтанушымен сақтандыру шартын жасау процесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сақтандыру ережелерімен танысу және сақтандыру шартының мынадай талаптары жөнінде шынайы және толық ақпарат беру:
сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сомаларының мөлшері;
Полная версия
ИС BestProfi