«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнің (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметiн жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның iшiнде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөнiндегi талаптарды және сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметтi жүзеге асыруына өкiлеттiктерiн бекiту туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 142 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6547 болып енгізілді
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметiн жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның iшiнде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөнiндегi талаптарды және сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметтi жүзеге асыруына өкiлеттiктерiн бекiту туралы» 2010 жылғы 25 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6164 тiркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметiн жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның iшiнде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөнiндегi талаптарды және сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметтi жүзеге асыруына өкiлеттiктерiнде:
2-тармақтың 2) тармақшасында «шарт – тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт (агенттiк келiсiм)» деген сөздер «тапсырма шарты - тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сақтандыру сыйлықақыларын төлеу туралы растайтын құжатын ала отырып сақтандыру агентіне, жеке тұлғасына;»;
«фискальдi чектi ала отырып сақтандыру агентiне, заңды тұлғасына;»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Сақтандыру ұйымы жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын оны жасаған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізіліміне енгізеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізілімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) сақтанушы туралы мәліметтер:
(жеке тұлғаның) фамилиясы, аты, бар болса – әкесінің аты;
(заңды тұлғаның) атауы;
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шартын жасасу күні;
сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;
салық төлеушінің (жеке тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;
салық төлеушінің (заңды тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Полная версия