Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 411 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 4 мамырдағы
 N 411 қаулысымен
 бекітілген
"Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану аясы
1. Осы "Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (04.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы техникалық регламент балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне, олардың тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы техникалық регламент талаптары үйде өндіру процесінде алынған тамақ өнімдеріне қолданылмайды және мыналарды қамтымайды:
1) тамақ өнімдерін таңбалауға және затбелгі жапсыруға тамақ өнімдерімен араласатын материалдарға қойылатын арнайы техникалық регламенттерде белгіленген талаптар, оның ішінде орауға қойылатын талаптар;
2) өсімдік немесе жануарлар өнімінен жасалып пайдаланылатын генетикалық-түрлендірілген азық-түлік шикізатына арналған арнайы техникалық регламенттерде белгіленген талаптар.
4. Осы техникалық регламент әрекетіне тәуелді өнім түрлері және олардың Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) жіктеуіші бойынша коды осы техникалық регламентке қосымшада көрсетілген.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (04.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) балалар тағамы өнімдерінің қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асу мүмкіндігі мен оның салдарының ауырлық дәрежесінің ұштасуы ескеріле отырып, адам өмірі мен денсаулығына зиян келуіне және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;
2) емдік-алдын алу тағамының азық-түлігі - зиянды кәсіптік факторлардың созылмалы әсерімен байланысты адам организміндегі бұзылудың алдын алу мақсатында адамдардың жекелеген санаттарына арналған, арнайы тағам рациондарында пайдаланылатын мамандандырылған тамақ өнімдері;
3) балалардың шөптен жасалған шайы - шөп негізінде және шөп сығындысынан жасалған шайлар;
Полная версия
ИС BestProfi