"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 07.03.2017
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының және қаржы құралдарының (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 98 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7550 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1: Мыналар белгіленсін:
1) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) олар мынадай талаптарға сәйкес келген кезде сатып алатыны:
1-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 244 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының акциялары осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржаларын тізіміне енгізілген акцияларын;
Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары қор биржасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі – № 189 қаулы) көзделген ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бағалы қағаздар нарығының брокерлік және дилерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар кәсіби қатысушыларының қызметін пайдалана отырып сатып алады;
2) Сақтандыру холдингтері осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларын сатып алатыны;
3) Сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарын (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алатыны.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бағалы қағаздарды (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) бағалы қағаздар нарығының брокерлік және дилерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар кәсіби қатысушыларының қызметін пайдалана отырып сатып алады.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 98 қаулысына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Халықаралық қор биржаларының тізімі
1. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG);
2. Америка қор биржасы (American Stock Exchange);
3. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, ВSE);
4. Бразилия қор биржасы (Bovespa);
5. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange);
Полная версия