Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.05.2019
"Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 456 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 26 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 13.05.2019 жылғы № 272 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 13 мамырдағы
 N 456 қаулысымен
 бекітілген
"Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы
1. Осы "Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) халыққа арналған, оның ішінде халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру процестерінде пайдалануға арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламент "Ыдыстарға құйылған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламентінде көзделген талаптардағы ауызсуға қолданылмайды.
3. Ауызсудың микробиологиялық және химиялық ластануына байланысты қауіп-қатерлер қауіп-қатердің дәрежесін бағалауға және сенімді әрі салыстырмалы нәтижелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әдістемеге негізделуі тиіс.
4. Халықты ауызсумен жабдықтаумен етумен және суды дайындаумен айналысатын суды пайдаланушылар ауызсудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір жұмыс кезеңін белгілейді және мыналарды:
1) ауызсуды өндіру, сақтау жөніндегі объектілердегі және су беру орындарындағы ауызсудың қауіпсіздігіне байланысты ықтимал қауіп-қатерді талдауды жүзеге асырады;
2) ауызсудың қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатер туындауы мүмкін бақылау нүктелерін сәйкестендіруді жүргізеді;
3) бақылау нүктелерінде тексеру және реттеу рәсімдерінің тиімділігін айқындайды;
4) ауызсудың, бақылау нүктелерінің қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатерлердің, тексеру мен реттеу рәсімдерінің, сондай-ақ ауызсуды өндіру процестері өзгерген кездегі талдаулардың нәтижелерін кезең-кезеңмен қарайды;
5) бақылау нүктелерін сәйкестендіру жөнінде шешімдер қабылдайды.
5. Суды пайдаланушылардың ауызсу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануы қауіп-қатердің талдауына негізделуі тиіс.
6. Ауызсу қауіпсіздігінің қауіп-қатерін бағалау кезінде қолда бар ғылыми деректер, тиісті өңдеу және өндіру (дайындау) әдістері, инспекциялау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеу әдістері пайдаланылуы, сондай-ақ аурулардың таралуы мен аурулардан таза аймақтардың болуы ескерілуі тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi