Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.02.2016
«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1401 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 115-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларында:
1-тармақтың № 2, 2а рациондарына ескертпенің 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) бериллий өндірісі (оның ішінде бериллий гидрототығы, бериллий тотығы, металл бериллий және одан жасалған бұйымдар өндірісіндегі жұмыстармен тікелей айналасатын жұмыскерлерге беріледі);».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi