Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.02.2014
Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 6-1/484 және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 290-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 466 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2012 жылғы 9 қазандағы № 474 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қарашада № 8084 тіркелді
Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды ҚР Мұнай және газ министрінің 10.02.2014 жылғы № 22, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.03.2014 жылғы № 17-1/145, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 28.05.2014 жылғы № 198-Ө, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.03.2014 жылғы № 113 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 16.07.2014 жылғы № 229 Бірлескен бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Теңiз құрылыстарын салу және орналастыру бойынша теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Теңiзде мұнай-газ құбырларын салуға және пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнің төрағасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі         Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ С. Мыңбаев      _______________А. Мамытбеков
2012 жылғы 24 тамыз             2012 жылғы 28 қыркүйек

Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау         Төтенше жағдайлар министрі 
министрі ______ Н. Қаппаров    _______________ В. Божко
2012 жылғы 26 қыркүйек         2012 жылғы 25 тамыз

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
_______________ Н. Әбіқаев
2012 жылғы 9 қазан
Қазақстан Республикасы
 Мұнай және газ министрінің
 2012 жылғы 24 тамыздағы
 № 143,
 Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2012 жылғы 28 қыркүйектегі
 № 6-1/484,
 Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау министрінің
 2012 жылғы 26 қыркүйектегі
 № 290-п,
 Қазақстан Республикасы
 Төтенше жағдайлар министрінің
 2012 жылғы 16 қазандағы
 № 466 және
 Қазақстан Республикасы Ұлттық
 қауіпсіздік комитеті төрағасының
 2012 жылғы 9 қазандағы
 № 474
 бірлескен бұйрығына
 1-қосымша
«Теңiз құрылыстарын салу және орналастыру бойынша теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Осы «Теңiз құрылыстарын салу және орналастыру бойынша теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мына ұғымдар қолданылады:
1) жауапты орындаушы – міндетіне рұқсат алуға өтініштерді және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау кіретін лауазымды тұлға;
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
3) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызметті алуға өтініш білдірген заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi