Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы
Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 8 желтоқсан N 1322 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 21 қаңтардан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2014 жылғы № 874 Бұйрығына сәйкес
Көлік құралдарын жүргізу құқығы куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы құжаттарды дайындау, беру және есебін жүргізу процесін автоматтандыру, сондай-ақ оларды қолдан жасаудан қорғауды күшейту мақсатында Бұйырамын :
#$: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 521 бұйрығымен.
2005 жылғы 10 желтоқсанға дейін берілген жүргізуші куәліктері олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін көлік құралдарын басқару құқығын растайды деп белгіленсін;
2. Жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді әзірлеуде қолданылатын Қазақстан Республикасы облыстарының әріптік кодтарының тізбесі (N 3 қосымша).
3. Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің жаңа үлгілерін қолданысқа енгізу және оларды берудің тәртібі туралы тұрғындарды, сондай-ақ мүдделі министрліктерді, ведомстволарды, кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды кеңінен хабарландыру қамтамасыз етілсін.
"Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгілері
мен көлік құралын тіркеу туралы
куәлікті енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің
2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына
N 1 Қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 639, 2007 жылғы 15 наурыздағы № 105 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)