"Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегi N 431 қаулысына сәйкес бұйырамын:
Внимание! Документ утратил силу с 21.01.2015
N 1322 болып тiркелген "Жүргiзушi куәлiгiнiң және көлiк құралдарын тiркеу туралы құжаттың жаңа үлгiлерiн енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3099
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 21 қаңтардан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2014 жылғы № 874 Бұйрығына сәйкес
1. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде N 1322 болып тiркелген "Жүргiзушi куәлiгiнiң және көлiк құралдарын тiркеу туралы құжаттың жаңа үлгiлерiн енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы куәлiктерiн және көлiк құралдарын тiркеу туралы құжаттарды дайындау, беру және есебiн жүргiзу процесiн автоматтандыру, сондай-ақ оларды қолдан жасаудан қорғауды күшейту мақсатында".
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiне (Ө.Т.Түсiмов) жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастан күшiне енедi.
Министр
Полная версия