Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1601 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
«Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.07.2015 жылғы № 4-3/610 Бұйрығын қараңыз
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 7-бабының 3) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 26 желтоқсандағы
 № 1601 қаулысымен
 бекітілген
Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары
1. Осы Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) мақта өңдеу ұйымы – меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы қайта өңдеу жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
2) мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстары – тұқымдық мақсаттар үшiн пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттiлiгiн тұрақты қамтамасыз ету үшiн құрылған және арналған мақта тұқымының мемлекеттiк қорлары;
3) мамандандырылған ұйымдар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысымен айқындалған отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар;
4) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi.
3. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану уәкiлеттi орган мен мамандандырылған ұйымдар арасында мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сенiмгерлік басқару шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады.
4. Мамандандырылған ұйымдар мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға байланысты қызмет нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органға уәкiлеттi орган белгiлеген тiзбе, нысандар бойынша және мерзiмдерде есептiлік бередi.
2. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру
5. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруды уәкiлеттi орган мамандандырылған ұйымдар арқылы:
1) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен аттестатталған өндiрушiлерден мақта тұқымын сатып алу;
2) бұрын берiлген тұқымдық несиелердi қайтару;
3) мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сатудан түскен қаражатқа аттестатталған өндiрушiлерден мақта тұқымын сатып алу жолымен жүзеге асырады.
6. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарына жеткiзiлетiн мақтаның сорттық тұқымы Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарға жатуы, ал сорттық және себу сапалары бойынша мына талаптарға жауап беруi тиiс:
1) элита тұқымы – сорттық тазалықтың бiрiншi санаты және себу стандартының бiрiншi сыныбы;
2) бiрiншi-екiншi көбейтiлген тұқым – сорттық тазалықтың екiншi санатынан және себу стандартының екiншi сыныбынан төмен емес.
3. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау
7. Мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстары мақта өңдейтiн ұйымдарда бүлiнуден, басқа дақылдармен және сорттармен араласып кетуден толық сақтауды қамтамасыз ететiн арнайы бөлiнген қоймаларда сақталады.
8. Мамандандырылған ұйымдар мен мақта өңдеу ұйымдары мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етедi.
9. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау жөнiндегi шығындар оны сатудан түскен қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
10. Мақта өңдеу ұйымдары уәкiлеттi органға және мамандандырылған ұйымдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау жөнiнде есеп бередi.
4. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын пайдалану
11. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын пайдалануды тұқымдық несие беру және сату, сондай-ақ мақта өңдеу ұйымына мақта тұқымын сақтау жөнiндегi қызметке төленетiн ақы есебiнде беру арқылы мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
12. Тұқымдық несиенi беру бөлiнетiн несие құнының 3 пайызын құрайтын мөлшердегi қайтару коэффициентiн ескере отырып, қайтарымдылық және коммерциялық негiзде жүргiзiледi.
13. Тұқымдық несие алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер (бұдан әрі – АШТӨ) мамандандырылған ұйымдарға өтiнiш (қалаған нысанда), жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, АШТӨ-нің тұқым несиесін қайтару жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдікті шығаруға әзір екендігі туралы ниет-хатын және Қазақстан Республикасының банктiк заңнамасына сәйкес ресiмделген екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн тапсырады.
Мамандандырылған ұйымдар тапсырылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде қарайды.
Оң шешім қабылданған жағдайда, мамандандырылған ұйымдар шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде АШТӨ-мен шарт жасасады, шартта АШТӨ-ге бір ай ішінде банктік кепілдік тапсыру көзделеді. Банктік кепілдік тапсырылғаннан кейін мамандандырылған ұйымдар оны екі жұмыс күні ішінде қарайды және үш жұмыс күні ішінде тұқымдық несие беру туралы өкім береді.
Теріс шешім қабылданған жағдайда АШТӨ-ге бас тарту себебі көрсетіліп, дәлелді жауап жолданады.
Тұқымдық несиенi беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық болмау себептеріне байланысты болады.
14. Тұқымдық несиенi қайтару ағымдағы жылғы өнiм мақтасының сорттық тұқымынан немесе несие беру шартында көрсетiлген мерзiмдерде шиттi мақтамен, мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарын сақтауды жүзеге асыратын мақта өңдеу ұйымдарына жеткiзу арқылы жүзеге асырылады.
15. Мақта тұқымын сату алдын ала төлем немесе Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң кепiлдiгi бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Мақта тұқымын сатып алу кезiнде сатып алушылар мамандандырылған ұйымдарға сонымен қатар өтiнiштi (қалаған нысанда) және жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн тапсырады.
16. Мақта тұқымын сақтау мерзiмi өткен жағдайда мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен айырбастау шарты негiзiнде мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарын айырбастауды жүзеге асырады.
17. Мамандандырылған ұйымдар уәкiлеттi органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының болуы және қозғалысы жөнiнде ақпарат бередi.
Мақта тұқымының мемлекеттiк
 ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
 пайдалану қағидаларына
 1-қосымша
Тоқсан сайын
 есептік тоқсан аяқталғаннан кейiн
 25-күнi тапсырылады
 201 _ жылғы _____ тоқсандағы мақта тұқымының мемлекеттiк
 ресурстарын сақтау жөніндегі
 есеп
______________________________________________________
 (мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы)
 
Р/с № Дақыл Сорт Көлемi (тонна) Есеп құны (мың теңге) Сапалық құрамы және сипаттамасы
Кондициялық тұқым (тонна) Сан аты Репродукциясы Себу стандартының сыныбы Өнiмдiлiгi Кондицияға жатпайтын тұқым (тонна)






1 2 3 элита 1 2 1 2 3




















































Мақта тұқымының мемлекеттiк
 ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
 пайдалану қағидаларына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрлiгiне
 айына бiр рет 29-күнi
 мамандандырылған ұйым тапсырады
 20_ жылғы «___» __________ мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының болуы және қозғалысы
 
Мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы 20_ жылғы «___»______
мақта тұқымының
болуы
20_ жылғы
__ __ _____
есепті
кезеңдегі кiрiс
20_ жылғы
__ __ _____
есепті
кезеңдегі шығыс
20_ жылғы
«___»______
мақта тұқымының
болуы










Полная версия
ИС BestProfi