Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.02.2026 жылғы № 1181 Жарлығына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттары бекітілсін.
1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттары (бұдан әрі – Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.02.2026 жылғы № 1181 Жарлығына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Ұлттық» мәртебе қызметі мәдениет саласында ерекше мемлекеттік және қоғамдық мәнге ие және мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға беріледі:
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.02.2026 жылғы № 1181 Жарлығына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 24.02.2026 жылғы № 1181 Жарлығына сәйкес (өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
кітапхана қорының құрамында сирек кездесетін қолжазбалар, көне кітаптар, құжаттар мен басылымдар коллекциялары болады, олардың кемінде он пайызы ұлттық мәдени игілік болып табылады.
3. Театрларға, концерттік ұйымдарға, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру «Академиялық» мәртебе берілген сәтінен бастап кемінде он жыл өткен соң жүргізіледі.
4. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының басшылары мәдениет саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Ұлттық» мәртебе беру туралы қолдаухат ұсынады.
4-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.10.2018 жылғы № 782 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1) мемлекеттік мәдениет ұйымы, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжым қызметкерлерінің жалпы жиналысының «Ұлттық» мәртебе беруге ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) мемлекеттік мәдениет ұйымының, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымның қызметі туралы Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесін көрсететін анықтама;
5) қызметі туралы республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың (кемінде он жарияланым) көшірмелері;
6) мәдениет саласындағы іс-шараларға (республикалық және халықаралық маңызы бар конкурстарға, фестивальдарға, көрмелерге) қатысқаны және (немесе) жүлделі орындар алғаны туралы куәландыратын құжаттардың көшірмесі.
5. Осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген құжаттар театрдың, концерттік ұйымның, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымның «Академиялық» мәртебе берілген сәттен бастап сіңірген еңбегін көрсетуге тиіс.
6. Қолдаухаттар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде уәкілетті органның мекенжайына жіберілуге тиіс. Көрсетілген мерзімді бұза отырып жіберілген қолдаухаттар қарауға қабылданбайды.
7. Уәкілетті органның жанынан құрылған арнайы комиссияның ұсынымы негізінде 10 қазанға дейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын қарауға енгізеді.