Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2018
Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 80 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 18 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1517.
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес
Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жүргiзу тәртiбiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ереже бекiтiлсiн, Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
2. Ақпарат технологиясы департаментi (Молчанов С.Н.): 
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерiнiң қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ереженi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының барлық бөлiмшелерiне, ұйымдарына және өкiлдiгiне жiберсiн. 
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарының басшылары осы қаулыны және Ереженi алған күннен бастап төрт күндiк мерзiмде екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға - ломбардтар мен айырбастау пункттерiнен басқаларына жiберсiн. 
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Орталық филиалы (Астана қаласы) (Сейфуллин М.Х.) осы қаулыны және Ереженi алған күннен бастап төрт күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетіне жіберсін. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары Н.Қ. Абдулинаға (2-тармақ бойынша) және Б.Ш. Тәжіяковқа (3 және 4-тармақ бойынша) жүктелсін.
Ұлттық Банк
       Төрағасы
 
                                              Қазақстан Республикасының    
                                              Ұлттық Банкі Басқармасының
                                              2001 жылғы 31 наурыздағы 
                                              N 80 қаулысымен бекітілген
    Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының               жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат                 жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi 
1. Екiншi деңгейдегi банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратыН ұйымдардың ақпарат жүйелерiнiң қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ереже (бұдан әрi - Ереже) екiншi деңгейдегi банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктiк ұйымдар) ақпарат жүйесi қауiпсiздiгiнiң мақсатын, стратегиясын және жалпы саясатын айқындайды. 
2. Ереже Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалған және ақпарат жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне төнетiн қатерлердiң түрлерiн, қорғауға тиiстi ресурстарды, сондай-ақ ұйымдастырушылық және бағдарламалық-техникалық қорғау шараларымен қоса қауiпсiздiк жүйесiн iске асырудың негiзгi бағыттарын анықтайды. 
3. Ереженiң нормалары ломбардтар мен айырбастау пункттерiн қоспағанда, банктiк ұйымдардың қолдануы үшiн мiндеттi. 
2-тарау. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар
4. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 
1) ақпарат қауiпсiздiгi - ақпараттың және оның инфрақұрылымының кездейсоқ немесе әдейi жасалған, табиғи немесе жасанды сипаттағы iс-әрекеттерден, жария болудан, ұрлықтан, жоғалудан, жойылудан, бұрмаланудан, көшiруден, қолдан жасаудан, шек қоюдан және рұқсатсыз кiру салдарынан туындайтын басқа да қауiптерден қорғалуы; 
2) ақпаратты қорғау - ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi; 
Полная версия
ИС BestProfi