Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитетінің мәселелері
Қазақстан Ренспубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 23 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті құрылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацы «, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «Тәуелсіздік» деген сөз «Дінмұхамед Қонаев» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 4) тармақшасындағы «жүзеге асыру» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін қалыптастыру;
6) бағдарламалық құжаттарды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары ұсынатын қарыздар мен гранттар есебінен тартуға қатысу;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің шетел мемлекеттерінің Басшыларымен уағдаластықтарының экономикалық бөлігін өз құзыреті шегінде іске асыруды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының шет елде тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жәрдемдесу;
9) Қазақстан Республикасының елдік және әлемдік экономиканың даму саласындағы мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін ұсыныстар және ұсынымдар әзірлеу.».
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi