Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 Қаулысы
Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2011 жылғы 1 наурыздағы 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасы бекітілсін.
2. Акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын немесе мемлекеттік кәсіпорындарды басқаратын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) ағымдағы жылы өндірістік-шаруашылық қызметті бекітілген 2011 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметі жоспарының негізінде жүзеге асырсын.
3. Мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен 2012 жылдан бастап мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеуді және оларды мемлекеттік мүлік тізіліміне қосу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 20 маусымдағы
 № 673 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына және 185-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын (бұдан әрі — даму жоспары) әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ұйымдар-мемлекет бақылайтын АҚ және ЖШС, мемлекеттік кәсіпорындар;
2) бірыңғай оператор - мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған заңды тұлға;
3) атқарушы орган - атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын, атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға;
4) тиісті саланың уәкілетті органы — мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган;
5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар - акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар құқығының субъектілерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға, оның ішінде шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген басқармалар (бөлімдер);
7) электронды есеп - ұйым бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып дайындаған және ұйымның куәландырушы ұлттық орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылатын даму жоспары.
Полная версия
ИС BestProfi