«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 26.03.2023
Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 қыркүйекте № 7198 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 26 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.03.2023 жылғы №36 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (К.Б.Бесбалаев) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпараттық құралдар ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С. Мусинов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында тұратын халықтарға онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында тұратын халықтарға онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы осы Ереже (бұдан былай – Ереже) меншіктеріне қарамастан Қазақстан Республикасында тұратын халықтарға онкологиялық көмек көрсететін ұжымдардың міндеттерін, функциясын, құқықтық және ұйымдастыру негіздерін анықтайды.
2. Тұрғындарға (ересектер мен балаларға) онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар (бұдан былай – онкологиялық ұйымдар) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, салалық құқықтық-нормативтік кесімдерді, салалық құқықтық-нормативтік кесімдерді, осы Ережелерді басшылыққа алады және өз жұмысын медициналық қызметпен шұғылдану құқығын беретін мемлекеттік лицензия негізінде іске асырады.
3. Онкологиялық ұйымдар онкологиялық науқастардың ауруының алдын-алуға, анықтауға, емдеуге және медициналық қалпына келтіруге бағытталған шараларды өз уақытында іске асыру мақсатында құрылады.
4. Тұрғындарға көрсетілетін онкологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационар ауыстырғыш көмек көрсету түрінде көрсетіледі.
5. Онкологиялық төсек-орындармен қамтамасыз етілу 10 мың тұрғынға 2,5 төсек есебінен қарастырылады.
6. Онкологиялық ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2010 жылдың 7 көкегіндегі № 238 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бірыңғай штаттары мен штаттық нормативтерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (№ 6173 нормативтіқұқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген) штаттық нормативтерге сәйкес белгіленеді.
7. Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарды мамандандырылған емдеу тек қана онкологиялық бейіндегі хирург дәрігерді, химиотерапевті, сәулелік терапевті (радиолог) және клиникалық жұмыс тәжірибесі бар параклиникалық қызмет маманын қамтитын мультитәртіптік топтың қатысуымен жүргізіледі.
8. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - Денсаулық сақтау басқармасы) облыстық онкологиялық ұйымдардың жанынан асқынған онкологиялық аурулар жағдайларын тексеру үшін тұрақты жұмыс істейтін, құрамында бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін Денсаулық сақтау басқармасының мамандары, онкологиялық қызметтің бастығы мен мамандары, асқынған онкологиялық ауруларды орнықтыру бейіні бойынша штаттан тыс Басқарма мамандары енгізілетін комиссияны құрады (бұдан әрі – комиссия).
Полная версия