Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 74-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2009 жылғы 8 сәуірінде Норманивтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5614 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өндірістегі жазатайым оқиға туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жазатайым оқиғаны арнайы зерттеп тексеру актісінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы қорытындысының нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жазатайым оқиғаны көргендер және оған қатысы бар адамдарды сұрау хаттамасының нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаларды және өндірісте денсаулығына келтірілген өзге де зақымдарды тіркеу журналының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (Б.Б. Нұрымбетов) осы бұйрықты барлық облыстар, Астана мен Алматы қалаларының Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменттеріне жеткізсін және оның мүлтіксіз орындалуы жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.М. Айтқалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.С. Әбденовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.Сапарбаев
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 74-ө бұйрығына 1-қосымша
Өндірістегі жазатайым оқиға туралы хабарлама
1. Ұйымның атауы ____________________________________________________ _____________________________________________________________________ (ұйымның мекен-жайы мен деректемелері)
2. Жазатайым оқиға __________________________________________________ _______________________________________________________________ болды (жылы, айы, күні, уақыты және болған орны)
3. Зардап шегушінің (лердің) Т.А.Ә. кәсібі, лауазымы және жарақат ауыртпалығы
Полная версия