Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2013
"Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4367.
Бұйрықтың күшін жойды ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 28.02.2012 № 53 және ҚР Қаржы министрінің 07.03.2012 № 141 Бірлескен бұйрығымен (04.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа 01.01.2013 бастап енгізілуі тиіс)
#$
Редакция 28.02.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Бұйрықтың күшін жою қарастырылған - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.28 № 53 және ҚР Қаржы министрінің 2012.03.07 № 141 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі)
Бірлескен бұйрығымен Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Бұйрықтың тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша ", "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлік қоғамы", "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы" деген сөздер алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 19.03.2008 № 128 Бұйрығымен. (15.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620  қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік активтердi басқарудың" 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспарының 1.4-тармағын орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған»"Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесі бекітілсін. 
2. Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі 2006 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған есептерді бекітуді 2006 жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей осы бұйрықтың талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К.Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2006 жылғы»15 тамыздағы
 N 302 бұйрығымен
 бекітілген Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереженің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша ", "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлік қоғамы", "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы" деген сөздер алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 19.03.2008 № 128 Бұйрығымен. (15.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
"Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы 
 Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс 
 басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары 
 субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, 
 мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу 
 үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың 
 (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық 
 қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту 
 ЕРЕЖЕСІ 
1. Осы "Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) тиісті жоспарлы кезеңге "Ұлттық компаниялар және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) (бұдан әрі - ұйымдар) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекітудің тәртібін айқындайды.
2. Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп (бұдан әрі - ҚШҚ есебі) Ережеге қосымшаларға сәйкес жасалатын бөлімдер мен нысандарды қамтиды: 
1 - 36 - екінші деңгейдегі банк, қаржылық және ипотекалық ұйым болып табылмайтын ұйымдар үшін; 
1 - 33, 40-42 - ипотекалық ұйымдар және екінші деңгейдегі банктер үшін.
3. Ережеге 1-42 қосымшаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) екінші деңгейдегі банк - банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын және банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жататын заңды тұлға; 
Полная версия
ИС BestProfi