Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 тамыздағы N 802 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: 
Баймағанбетов Серік Нұртайұлы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары; 
Гамарник Геннадий Николаевич - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі; 
Мыңбаев Алмас Саятұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша); 
"Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда бірінші вице-министрі; 
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау бірінші вице-министрі; 
Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 
"Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі; 
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; 
Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;"; 
Раев Мұрат Құмарұлы, Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы, Сисенбаев Тағыр Мұсаұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi