Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 13.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымдауы Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін және экономикасының жоғары бәсекелі қабілеттілігіне қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік қаржының тұрақтылығын, сенімділігін және теңгерімділігін қамтамасыз ету.
Неғұрлым дамыған, орнықты және прогрессивті эволюцияланатын жүйелердің бірі ретінде әлемдік қоғамдастық саралайтын мемлекеттік қаржының тиімді жұмыс істейтін жүйесі.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қаржының тұрақтылығы
Реттелетін салаларды немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
Ұлттық қор қаражатын 2006 жылдың ортасынан берi қолданылған ел экономикасына бағыттау схемасында республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген және нысаналы трансферттер, сондай-ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға ұзақ мерзiмдi инвестициялау көзделген. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферттi айқындау кезiндегi шектеу республикалық бюджет әзiрленетiн жылдың алдындағы жылдың соңындағы Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауы болып табылды.
Қабылданған саясаттың нәтижесiнде экономикалық өсу кезеңiнде валютаның шамадан тыс түсуiн зарарсыздандыру, теңгенi айырбастау бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етiлдi. Дағдарысқа қарсы белсендi саясат жүргiзу үшiн қаржы резервтерi құрылып, оның шеңберiнде Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерiнде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды. 2009 жылдың соңына қаражат 4,5 трлн. теңгенi құрады, оның 750,0 млрд. теңгесi iшкi активтерге («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры» акционерлiк қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлiк қоғамының облигацияларына), 24,4 млрд. АҚШ доллары - шетелдiк активтерге орналастырылды.
Құрылған уақытынан берi, яғни 2001 жылғы маусым - 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында Ұлттық қордың кiрiстiлiгi Қордың базалық валютасында (АҚШ долларымен) 55%-ды құрады, бұл жылдық мәнде 5,2%-ды құрайды.
Жинақтау функциясын орындау үшiн Ұлттық қорда азайтылмайтын қалдық белгiленедi, сондай-ақ Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшерiне шек қойылмайды. Тұрақтандыру функциясын iске асыру республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген трансферттi қамтамасыз етудi көздейдi. Қаражатты пайдаланудың келесi онжылдыққа арналған жаңа тәсiлiне сәйкес 2010 жылдан бастап абсолюттi мәнi 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерiндегi кепiлдендiрiлген трансферттi республикалық бюджетке тiркеу оның жаңалығы болып табылады.
Дүниежүзілік тұтынудың жаһандық қысқаруы салдарынан Қазақстанның экономика салаларындағы іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты 2009 жылы бюджет жүйесі табысының күрт төмендеуі байқалды. Егер 2008 жылы ЖІӨ 25,1% мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінсе, 2009 жылы айтылған көрсеткіш 20,6%-ды құрады. Мемлекеттік бюджеттің табыстары 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 13,1%-ға қысқарды.
Ел үкіметі мемлекеттік бюджеттің едәуір тапшылығына бюджет шығыстарын оңтайландыру, әлеуметтік төлемдерді арттыру және дағдарысқа қарсы шараларды іске асырумен тұтынушылық сұранысты бюджеттік ынталандыру арқылы жол бермеді. Республикалық бюджет тапшылығын кезең-кезеңмен төмендету жоспарлануда, яғни 2013 жылда ЖІӨ-ге шаққанда 1,5%-ға құру керек.
Полная версия