"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1755 Қаулысы
Осы редакция 23.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1755 қаулысымен бекітілген
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі - өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін белгілейді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
ведомство - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - ведомство);
ведомствоның аумақтық бөлімшелері - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары;
есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
айналым - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, өткізу (сату немесе жеткізіп беру) үдерістері (сатылары), сондай-ақ оларға байланысты өлшеп орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау үдерістері.
4. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер берілуге тиіс.
5. Ветеринариялық құжаттарда және (немесе) өнімді (тауарды) таңбалауда өндіріс объектісіне берілген есептік нөмір көрсетілген жағдайда ғана жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдауға (олардың айналымына) рұқсат етіледі.
6. Есептік нөмір осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес айқындалатын ел кодын, облыстың литерлік кодын, ауданның реттік нөмірін және қызмет түрінің кодын, сондай-ақ өндіріс объектісінің реттік нөмірін қамтиды.
Полная версия