Близость слов: Окончание:





Бюджет туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 20 шiлде 1994 ж. N 284-ө
"Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген нысан бойынша 1995 жылға арналған бюджет жобаларының жиынын үстiмiздегi жылғы 20 тамыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне табыс етсiн.
1995 жылға арналған бюджет жобаларының жиынын Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан 1994 жылғы 5 қыркүйектен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне беру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырылсын. 
Полная версия
ИС BestProfi