Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 Қаулысы
Редакция 15.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы
21 қаңтардағы № 16
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (21.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 24.10.2019 жылғы № 799 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.11.2019 жылғы № 832 Қаулысымен (24.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2020 жылғы № 467 Қаулысымен (06.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.08.2023 жылғы № 679 Қаулысына сәйкес (23.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мүлкін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкі республикалық мүлік болып табылады және арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқару құқығында болады.
3. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 33) тармақшасында көзделген пайдаланылмайтын мүлікті қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оны іске асыру мақсатында қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 33) тармақшасында көзделген арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкін беру, өткізу және кәдеге жарату «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қару-жарақ пен әскери техника айналымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысымен бекітілген Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мүлікті бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
5. Мүлікті беруді, өткізуді, кәдеге жарату мен есептен шығаруды ұйымдастыруды осы мүлік жедел басқаруындағы тиісті арнаулы мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Қағидаларды қолдану жөніндегі нұсқаулықты арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
6. Осы Қағидаларға сәйкес есептен шығарылған мүлік есептен шығарылған мүлік болып табылады.
7. Арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік мекемелері мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның шешімі негізінде мүлікті мемлекеттік орган шегінде беруге және қайта бөлуге құқылы.
Полная версия
ИС BestProfi