«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 10.02.2014
Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 145 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7954 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 10.04.2014 жылдан бастап ҚР Мұнай және газ министрінің 10.02.2014 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Теңізде іздестіру, барлау, қолдану кезіндегі ұңғыманы немесе басқа да ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қойнау-қатішілік қысымды қолдау үшiн iлеспе және табиғи газды бастырмалатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Мыңбаев
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 145 бұйрығына 1-қосымша
«Теңізде іздестіру, барлау, қолдану кезіндегі ұңғыманы немесе басқа да ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Теңізде іздестіру, барлау, қолдану кезіндегі ұңғыманы немесе басқа да ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
Осы Регламентте мына ұғымдар қолданылады:
жауапты орындаушы – міндетіне рұқсат алуға өтініштерді және тиісті материалдарды қарау кіретін лауазымды тұлға;
құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
мемлекеттік қызметті алушы – заңды тұлға.
Полная версия

