1. Қоса беріліп отырған 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 16.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 93
Елдiң халқын қажеттi мөлшерде және кепілдiктi сапасында ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы жай-күйiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде Бағдарламаны iске асыру үшiн қаражат көздесiн.
3. Министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен бекітілген
2002-2010 жылдарға арналған салалық "Ауыз су" бағдарламасы
Астана 2002 ж.
Бағдарламаның паспорты
Атауы 2002-2010 жылдарға арналған салалық
"Ауыз су" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Қысқаша Осы Бағдарламада елiмiздiң халқын ауыз мазмұны сумен қамтамасыз етудiң қазiргi жай-күйiне талдау берiлiп, облыстар бойынша нақты
iс-шаралар кешенi, оларды iске асыру жоспарлары, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру белгiленiп, мынадай басымдықтар айқындалған:
1) сумен жабдықтаудың қазiргi жүйелерiн пайдалану жағдайында ұстап тұру үшiн оларды қалпына келтiру және жетiлдiру;
2) сумен жабдықтаудың жаңа көздерiн игеру және балама көздерi мен нұсқаларын дамыту;
Полная версия