Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.10.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысы
"Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 8 қаңтардағы
 N 15 қаулысымен
 бекiтiлген
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесi
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы Аккредиттеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына  сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi. 
2. Денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеуден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның ғылыми, бiлiм беру медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметпен айналысуға олардың мәртебесi мен құқықтық өкiлеттiлiгін тану мақсатында денсаулық сақтау субъектiлерi өтедi. 
Полная версия
ИС BestProfi