Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 949 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 27-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерде:
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған техника мен жабдықтарға тиесілік нормалары» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Ранецті бүріккіш, ауа үрлейтін бүріккіш»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-бөлімдермен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған, қамтамасыз етілетін объектілердің және техниканың, байланыс құралдары мен спутниктік навигация аспаптарының тиесілік нормалары
 
Р/с
Байланыс құралдарымен және спутниктік навигация аспаптарымен қамтамасыз етілетін объектілер мен техниканың атауы Байланыс құралдарының атауы Спутниктік навигация аспаптары
Тұрақты Ұтқыр Ұстап жүретін
1 Мемлекеттік орман иеленушінің кеңсесі 1 - - -
2 Өрт сөндіру-химия станциясы 1 - - -
3 Өрт сөндіру машинасы - 1 - 1
4 Патрульдік машина - 1 - 1
1-2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-шараларды орындайтын қызметкерлері үшін байланыс құралдары мен спутниктік навигация аспаптарының тиесілік нормалары
 
Р/с № Байланыс құралдарымен және спутниктік навигация аспаптарымен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің атауы Байланыс құралдарының атауы Спутниктік навигация аспаптары
Тұрақты Ұтқыр Ұстап жүретін
1 Орманшы - - 1 1
2 Орманшы көмекшісі - - 1 -
3 Орман шебері - - 1 1
4 Орман күзетшісі (ерекше қорғалатын табиғи аумақтық мемлекеттік инспекторы) - - 1

5 Өрт сөндіру-химия станциясының бастығы
-

-
1 1
6 Орман өрт сөндірушісі - - 1 -
7 Радиооператор - - 1 -
мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:
«3-1. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өрт сөндіру-химия станциялары (ӨХС) қызметкерлері санының нормативтері
 
Р/с № Лауазымдар атауы Қызметкерлер саны
1-үлгідегі ӨХС 2-үлгідегі ӨХС
1 Өрт сөндіру-химия станциясының бастығы 1 1
2 Өрт сендіру машинасының жүргізушісі 1 2
3 Тракторшы-машинист 1 2
4 Радиооператор 1 1
5 Өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратурасын жөндеу жөніндегі слесарь 1 1
6 Орман өрт сөндірушісі 4 8
«Орман қорын қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстардың нормативтері» деген 5-бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5 және 6-жолдармен толықтырылсын:
 
5 Қазақтың шағын адырының қатты кеуіп қалған және кеуіп қалған қарағайлы ормандары, байырғы және уақытша қайыңды ормандары мен көктеректі ормандары, жайылмалық ормандары (Қарағанды облысы) 90,3 1
2
3
4
5
-
0,245
0,749
1,544
2,756
6 Сексеуілді және тоғайлы ормандар (Жамбыл облысы) 3283,7 1
2
3
4
5
-
0,012
0,024
0,117
0,462
 

Авиациялық күзетуге жататын орман қорының бүкіл көлемі 5495

» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 

Авиациялық күзетуге жататын орман қорының бүкіл көлемі 8869

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi