Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 680 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2015 жылғы № 508 Бұйрығын қараңыз
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 21 маусымдағы
 № 680 қаулысымен
 бекітілген
Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ішкі суда жүзетін кемелерін техникалық пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағида ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдаланудың негіздерін, жобалық немесе берілген (белгіленген) техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес кемелерді авариясыз және тиімді пайдалану үшін оларды жарамды техникалық жай-күйде ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін айқындайды.
3. Осы Қағиданың ережесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының аясында пайдаланылатын, аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді қоса алғанда, ішкі су көлігі кемелеріне қолданылады.
4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кепілдік мерзімі - пайдалану кезеңі, ол аяқталғанға дейін жұмысты орындаушы (жасау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету) кеменің (кеме техникасының) техника-пайдалану сипаттамалары мәндерінің белгіленген талаптар деңгейінде сақталуына осы Қағиданы сақтаған жағдайда кепілдік береді.
2) көліктік бақылаудың уәкілетті органы - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті;
3) көліктік бақылаудың уәкілетті органының аумақтық бөлімшесі - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары;
4) Кеме қатынасы тіркелімі - ішкі суда жүзетін және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жіктейтін және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік кәсіпорын;
5) кемені (кеме техникасын) сынау - кеменің (кеме техникасының) техникалық-пайдалану сипаттамаларын табиғи айқындау;
6) техникалық пайдалану - барлық пайдалану мерзімі ішінде кемелерді жарамды жай-күйде ұстау үшін орындалатын ұйымдастырушылық, техникалық шаралар кешені;
7) техникалық жай-күйі - Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасымен регламенттелетін қасиеттердің, кеменің осы уақыт сәтінде пайдалануға жарамдылығының дәрежесін және Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасына сәйкестігін сипаттайтын элементтерінің жиынтығы;
8) куәландыру - кеменің қолданылуын ескере отырып, оның жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық регламенттерде және Кеме қатынасы тіркелімінің қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес оның техникалық жай-күйін айқындау және сыныбын растау мақсатында кемені қарап шығу;
Полная версия
ИС BestProfi