1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 03.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 274 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3190
"Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмукаметовке жүктелсін.
Төраға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 274 қаулысымен бекітілді
Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесі
Осы Ереже "Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандырушы) cатып алу сомасының шегінде өзінің сақтанушыларына заемдар беру тәртібін, талаптарын белгілейді.
1-тарау. Заемдарды беру талаптары мен тәртібі
1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру жөніндегі қызметті "өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
2. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері осы шарттың қолданысын жинақтаушы сақтандыру шартындағы осы мөлшерлерді міндетті түрде көрсете отырып, әр жылдың соңында анықталады. Сатып алу сомасының мөлшері комиссиялық сыйақыны, сақтандыру сыйлықақыларынан табыс салығын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру шартын жасау мен орындау бойынша шығыстарды төлеуге байланысты сақтандырушының шығыстарын шегере отырып, сақтандыру ұйымы аударған инвестициялық кірісті есепке ала отырып сақтанушының нақты енгізген сақтандыру жарналарының сомасынан аз болмауы керек. Жинақтаушы сақтандыру шарты қолданысының бірінші жылының соңында сатып алу сомасының болуы көзделмейді.
3. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасы сақтанушының алған заемды қайтаруды қамтамасыз етуі болып табылады және заемның сомасының және бір жылға заем беру кезеңінде аударылған сыйақының орнын толтырады. Заемды беру мерзімі заем шартын жасау кезіндегі оның қолданысының нақты аяқталған кезеңін шегере отырып жинақтаушы сақтандыру шартының қолданыс мерзімінен аспауы тиіс.
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы № 156 қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
4. Сақтанушыларға заемдарды сақтандырушы сыйақы ставкасы бойынша кемінде мынадай шамалармен:
өткен қаржылық жылдағы құнсызданудың ресми деңгейі не жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша кепілдік берілген инвестициялық кірістілік ставкасы, шамалардың қайсысы артығырақ болуына байланысты, және 2%.
Заем бойынша сыйақы ставкасы заем шартында оған тараптар қол қойған кезде көрсетіледі заем шарты қолданылуының барлық кезеңінде өзгеріссіз қалады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы № 156 қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Полная версия