Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.01.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 488 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956, "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлықтарын және "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын одан әрi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) оларға қарсы алдын ала егулер жүргiзiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi; 
2) жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс халықтың топтары; 
3) алдын ала егулер жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: 
1) алдын ала егулер жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерiне сәйкес халықты вакциналауды; 
2) медициналық мекемелерi жоқ елдi мекендерде тұратын халықты вакциналау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс iстеуiн; 
3) 14 жасқа дейінгі балаларды егу паспорттарымен қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнің
 2003 жылғы 23 мамырдағы
 N 488 қаулысымен
 бекiтiлген
Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi
1. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi: 
"В" вирусты гепатитi         көктемгi-жазғы кене энцефалитi         дифтерия         көкжөтел         қызылша         полиомиелит         сiреспе         туберкулез         оба         эпидемиялық паротит 
2. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жергiлiктi бюджеттердің қаражатты есебiнен жүргiзiледi: 
Полная версия
ИС BestProfi