«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына және «2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуіріндегі № 473 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту немесе төлеу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 1842000000 (бір миллиард сегіз жүз қырық екі миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 20.12.2011 № 1562 Қаулысымен. (23.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту немесе төлеу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу
Қосымша жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.07.2011 № 835 Қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2011 № 1094, 20.12.2011 № 1562 Қаулыларымен. (23.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз)